Жаңалықтар

07 тамыз 2026
Бөлісу

Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз!

«Қазақстан құн инжиниринг Қауымдастығы» Заңды Тұлғалар бірлестігі құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлерін, инженерлерді, жобалаушыларды, сметашыларды, құнды басқару жөніндегі мамандарды және өз еңбегімен Қазақстан Республикасының құрылыс кешенін дамытуға үлес қосып жүрген барша азаматтарды кәсіби мереке - Құрылысшылар күнімен құттықтайды!

Құрылыс саласы ел экономикасы мен инфрақұрылымын дамытудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Әрбір іске асырылған жобаның артында түрлі бағыттағы мамандардың кәсібилігі, жауапкершілігі және бірлескен еңбегі тұр.

Бүгінде саланың алдында инвестициялық-құрылыс жобаларының тиімділігін арттыруға, құнды басқарудың заманауи тәсілдерін дамытуға, баға белгілеу жүйесін жетілдіруге, цифрлық технологияларды енгізуге және қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға байланысты жаңа міндеттер тұр.

Құрылыс саласының барлық өкілдеріне кәсіби табыс, ауқымды әрі маңызды жобалардың жүзеге асырылуын, жаңа жетістіктер, амандық және болашаққа деген сенім тілейміз!

Құрылысшылар күні құтты болсын!

«Қазақстан құн инжиниринг Қауымдастығы» ЗТб

Басқа жаңалықтар
"Қазақстан құн инжиниринг Қауымдастығы" ЗТБ мен "Сараптама ұйымдарының палатасы" ТҚАО арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
20 мамыр 2026